Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Семейде жаңа жылдық шыршаны безендірген мұғалімдерге тапсырған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Салдарынан бір мұғалім биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды.
Аталған ақпаратқа Министр Ғани Бейсембаев Facebook-парақшасында Қазақстан заңнамасын сақтау қажетін айтты.
«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы — заңбұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтарды кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту — «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін», — деп жазды ол.
фото: semeynews.kz