«Қорғаныс министрлігінде батальон командирінің орынбасары»: Астанада 8 жасар қызды зорламақ болған подполковник ұсталды
Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды.
БАҚ беттерінде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша — майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.