Марқұм Шерзаттың әкесінің қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

0

Сенат брифингінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ісіне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Санжар Әділовтің сөзінше, қазіргі таңда аталған іске қатысы бар 11 күдікті қамауда жатыр.

Осы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын қылмыстық істі жәбірленушілер мен күдіктілерге танысуға тапсырамыз, — деді ол.

Сонымен қатар министрдің орынбасары Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қамаудан қашан босап шығатынын да айта кетті.

Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі бойынша осы айдың аяғында, мерзімі өткен соң босайды, — деді Санжар Әділов.