«Ұл ержетіп, қыз бойжетті»: Индира Расылхан құдағи атанды
Танымал әнші Индира Расылхан қыз ұзатып, құдағи атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің қызы Айдина сырғалым атанды.
“Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз, сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау ұзату тойы болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді», – деп жазды Индира Расылхан.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Жастар бақытты болсын!”, “Қыз ұзату оңай емес”, “Қыз деген ішіндегі бүршік жарып шыққан ақ гүлің”, “Аллам берекесін берсін. Барған жерінде бағы ашылып мәнді, сәнді берекелі ғұмыр кешсін”, – деп жазды көпшілік.