Елордада 12 мың адам әнұран орындады (ВИДЕО)
«Барыс Арена» спорт кешеніндегі ретро-фестиваль барысында 12 мың адам бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындады. Бұл жарқын әрі шабыттандыратын оқиға барлық жастағы көрерменді бір арнада тоғыстырып, бірлік пен патриотизмнің символына айналды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Ел үшін мақтаныш әрі ортақ күш қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатын мерекенің ұмытылмас атмосферасын құрды, – деп қосты ведомство.