Салмағы 200 келіге жуық балақай адам танымастай өзгеріп кетті
Индонезияда салмағы 190 келі болатын 12 жастағы бала қанттан түгелдей бас тартып, екі есе салмақ тастаған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Арье Пермана әлемдегі салмағы ауыр баланың бірі болған. Оның өлшемі әрдайым өсіп отырыпты, нәтижесінде Индонезияда оған тура келетін балалар киімі болмаған.
Ал тамақтанғанда екі үлкен адамның үлесін пайдаланыпты.
Арье дені сау сәби ретінде дүниеге келген. Тіпті салмағы да орташа болған. Алайда ол екі жасқа жеткенде өздігінен салмақ қоса бастапты.
Ата-анасы ұлын тамақтандыру үшін көршілері мен туыстарынан қарызға ақша алуға мәжбүр болған. Арье күніне бес рет тамақтанатын болған.
Бір күні Арье диетаға отыруды шешкен. Содан бері 100 келіге жуық салмақ тастапты.
Қазір артық салмақтан арылған балақай үш миль жүреді және достарымен бадминтон ойнайды.
Бұрынырақ артық салмақтың салдарынан мектепке бара алмайтын Арье таяуда оқуға қайта оралауды мақсат етіп жүр.
«Енді мен бақытты баламын. Өзім жүре аламын. Бұрынғымен салыстырғанда тез қозғаламын. Күнде футбол ойнаймын. Болашақта кәсіби спортшы болуды армандаймын», — дейді Арье Пермана.