Xiaomi смартфондарына түсірілген ең үздік суреттер анықталды
Xiaomi компаниясы 25 қазанда мобильді фотография байқауын жариялаған еді. Басты шарт – суреттер Xiaomi смартфонына түсірілуі тиіс. Байқаудың жүлде қоры – $50 000.
Әр қатысушы 6 сурет жүктей алады. Жеңімпаздар мына 4 категория бойынша анықталды: шынайы көрініс, әлемнің бір бөлігі, арман алдында, мұң. Конкурс 23 қарашада аяқталып, үздік суреттер 6 желтоқсанда жарияланды.
Кәсіби қазылар үздік 100 суретті іріктеп, көпшілікке ұсынды. Суреттер дауыс беру арқылы анықталды. Әр категорияда үш жеңімпаз бар: бірінші орынға $10 000, екінші орынға $2 000, үшінші орынға $500 берілді. Байқауға 172 аймақтан 306 208 адам қатысып, оның ішінде 246 733 сурет басты талапты (кемі 3 дауыс жинау керек) орындаған. Барлық сурет 3 496 502 дауыс жинаған.
Назарыңызға жеңімпаздардың суреттерін ұсынамыз.
І орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Redmi Note 6 Pro
zoel cholid / Индонезия
«Жайдары бол»
І орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Redmi Note 5
4153866861 / Ресей
«Мұзтау және Ақкем көлі»
І орын
Арман алдында
Смартфон: Mi MIX 2S
1676464176 / Ресей
«Зауыт үстіндегі найзағай»
І орын
Мұң
Смартфон: Mi А2
1860735349 / Испания
«Шалшық айна»
ІІ орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Мі А1
Antonius Andre Tjiu / Индонезия
«Жауын алдында»
ІІ орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Mi 8
1710688902 / Ресей
«Соқпа толқын»
ІI орын
Арман алдында
Смартфон: Mi А2
John Hantoro Pudjoko / Индонезия
«Шаңйаң Жаран»
ІІ орын
Мұң
Смартфон: Mi А2
Elyana Dasuki / Indonesia
«Менімен ойнашы»
ІІІ орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Мі А2
Gittipong Krutpong / Таиланд
«Шар ұстаған қария»
ІІІ орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Redmi Note 5
MOHD ASHRAWI / Малайзия
«От»
ІІI орын
Арман алдында
Смартфон: Mi А2
Ujjal Debnath / Үндістан
«Пандим тауындағы Күннің соңғы сәулесі»
ІІІ орын
Мұң
Смартфон: Mi А1
1878494348 / Непал
«Көлеңке»
Дереккөз: https://massaget.kz/