«Қалыңдық – 42-де, күйеу жігіт – 60 жаста»: желіде ерекше сырға салу рәсімінің видеосы тарады

0

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі өз парақшасында 42 жастағы апайына сырға салу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбада қалыңдықтың 42 жаста, ал күйеу жігіттің 60 жаста екені көрсетілген. Автордың жазуынша, келіннің енесі – 92 жаста.

«Бақытты кез келген жаста кездестіруге болады және оған асығудың қажеті жоқ. Кейде бүкіл әлем асығыс болып көрінеді: біреу отбасын құрып жатыр, біреу саяхаттап жүр, біреу ата-ана болады. Біз осы сезімге бой алдырып, бәріне қол жеткізуге тырысамыз.. Бірақ әрқайсымыз үшін бәрі өз уақытында келеді», — деп жазылған бейнежазба астында.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бір топ қалыңдықтың 60 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққанын сынаса, екінші бір топ жас отбасыға бақыт тілеуде.

«Мұндай әдемі жас қызды 60 жастағы қарияға беруге қимайсың. Дегенмен, оған әйел бақытын тілеймін», «Қандай әдемі қалыңдық! Бақытты болсын!» деген пікірлер жазылған.