Шерзат Полаттың тағы бір туысы қамауға алынды
Сот Талғарда өлтірілген 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың тағы бір туысын қамауға алу туралы шешім шығарды.
Отбасының адвокаттарының айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласы 15 тәулікке қамауға алынған.
«Қаржаубайдың күйеу баласы Айғазыға қатысты әкімшілік сот өтті. 15 тәулікке қамауға алынды», – деді отбасының адвокаттары.