“Сүйінші!” — Асқар Жұмабеков абақтыдан шықты
Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға сотталған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды актер.