«Оны қинап өлтірді, белін 3 жерден сындырған»: Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің көз жұмар алдындағы жағдайын айтты

0

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова тележурналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.

Сұхбатта өнер иесі марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алды.

«Атын атап, түсін түстеп, өзін-өзі атты деген пунктті алып тастау керек. Сосын барып, ескерткіш немесе мұражай ашсын. Сол дұрыс болатын еді. Сол өзін-өзі атты деген нәрсе әлі тұр ғой. Соған қарамастан барып ескерткіш ашамыз дейді. Сонда тіріліп келе ме ол кісі? Адамның артында сол қинап өлтірді, атып өлтірді, ұрып өлтірді деген нәрсе бар. Қатты ұрған дейді. Жуындырған адамдар айтты. Белінде үш жерде сынығы бар екен. Сонда кәдімгідей тепкен болып тұр ғой. Соның барлығы ашылмағанына жүрек ауырады», – деді Жүнісова.