Шерзаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған вице-министр басшылық қызметке келді
Талғардағы жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен кейінгі шудан соң қызметінен босатылған бұрынғы вице-министр Айдос Рысбаев көлік полициясы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
«Айдос Рысбаевтың басқарушылық тәжірибесі бар, ол бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Рысбаевта бөлімшені тиімді басқаруға қажетті қасиеттер бар», – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары қызметін бар болғаны 11 ай атқарып, 18 қазанда босатылды. Ол қауіпсіздік күштеріндегі жаппай кадрлық ауыс-түйіс кезінде жұмыстан шығарылғандардың бірі болды.
Айдос Рысбаевтың кетуі Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты жанжалмен тұспа-тұс келді.
Фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі