Төрт тілде сөйлейтін бес жасар қыз көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

0

Бес жастағы Айша Мергенқызы қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдерінде сөйлей алады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Кішкентай полиглот «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, әлеуметтік желілерде көпшілікті көзайымына айналды.

Айшаның ата-анасы оған сегіз айлығында тіл үйрете бастаған. Зерек қыз жылда бір тіл үйренеді. Анасы Мадинаның айтуынша, Айша кішкентайынан жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Енді ол араб тілін оқып жүр.