Коммуналдық қызметтің қоңырауына жауап берген қазақстандық 7 миллион теңгеге қарызға батты
Ақтөбелік азаматқа WhatsApp нөмірден белгісіз біреу хабарласып, өзін коммуналдық қызмет бойынша қоңырау шалып тұрғанын айтқан. Алаяқ ер адамның атынан несие рәсімдеген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Энергосистема” ЖШС-нен қоңырау шалып тұрғанын айтқан алаяқ есептегішті ауыстыру үшін «1414» нөмірінен келетін кодты айтуын сұраған. Кейін ақтөбелікке тағы бір адам хабарласып, өзін “банк қызметкерімін” деп таныстырған. Ол ер адамның атынан әлдебіреу несие рәсімдегенін жеткізген.
“Алаятар ақша ұрлануының алдын алу үшін ер адамға заңсыз қарыздың күшін жою мақсатында айналық несие рәсімдеп, ақшаны қауіпсіз шотқа аударуды ұсынады. Ер адам алаяқтардың айтқан талаптарын түгел орындаған”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полициясы.
Салдарынан алаяқтар жәбірленушінің атынан үш банктен несие рәсімдеп, көрсетілген шотқа 7 миллион теңге аударған.
Бұған дейін алаяқтар өздерін бала ретінде таныстырып, қазақстандықтарды миллиондаған теңгеге алдап кеткен еді.