Өскеменде Халыққа қызмет көрсету орталығының экс-басшысы сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталған.
2023 жылдың ақпан мен қазаны аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. «Параллельді қаржылық тергеу» жобасы 32 млн теңгеден астам заңсыз сыйақы түрінде алынған қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен табылған қаражатқа күдікті Өскеменде 2 бөлмелі пәтер сатып алып, оны жасыру мақсатында анасына рәсімдеген. Кейіннен бұл пәтер тәуліктік жалға беру үшін пайдаланылып, 1,2 млн теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген, – делінген хабарламада.
Фото: Алишер Исроилов / УзА