Кәрім Мәсімовтың туысына іздеу жарияланды
Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Кәпеновтің кіші інісі Медер Кәпеновке РФ ІІМ іздеу жариялады.
Іздеуге негіз болған себептер мен айыптаулар туралы нақты мәліметтер әзірге жарияланбаған.
Бұл – Мәсімовтер ісіне қатысты Ресей жариялаған екінші іздеу. Бұған дейін биыл Антикордың бастамасымен Азамат Кәпенов халықаралық іздеуде болған еді.