Мектептерге олигарх Тимур Турловтың BilimClass жүйесі енгізілетіні рас па? — Министр жауап берді

0

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осыған дейін олигарх Тимур Турловтың BilimClass жүйесін енгізуге министрлік қолдау көрсетті деген ақпаратына жауап берді. Министр оның жалған ақпарат екенін алға тартты.

«Ол ақпарат шындыққа жанаспайды. Биыл да, былтыр да қоғамнан, ата-аналардан «Күнделікке» қатысты көптеген шағым түсті. Менің орынбасарым бұған қатысты мекеме басшылығымен кездесіп, халыққа сапалы қызмет көрсету жайлы талап қойылды. Оның орындалу барысы жеткіліксіз болғандықтан әрі аймақтардан көп шағым түскендіктен, өңірлер қай жүйені таңдауға да өз еркі деген шешім шығарылды. Осыған байланысты 5 өңір өз таңдауын жасады. Бұл жерде бәсекелестік ортада сапалы қызмет көрсетуді осы мәселемен айналысатын кез келген ұйым ұсына алады. Сонда ешқандай қиындық туындамайды», — дейді Бейсембаев.