Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

0

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Алматы қалалық Полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Бұған дейін Алматыда ер адам № 126 қоғамдық көлік ішінде телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелге жұдырық жұмсағаны туралы жазған едік.