Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми — теориялық негіздері
Кіріспе.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие
беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық білім беру
дегеніміз адамзат қауымы, қоғам, табигат және қоршаған орта
үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған
орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты
қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық
білімі мен мәдениеті жоғары жана ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады.
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны
қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және үздіксіз білім
беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы — орынды жағдай. Оның өзіндік
объективті және субъективті себептері бар. Олар:
— туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар
бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла
бастауы;
— республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің
көбейе түсүі;
— өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының
сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсаздануы, адам денсаулығының
нашарлауы;
— экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық
қажеттілік мақсатындағы табиғатты пайдалану сипаты арасындағы
алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет.
Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз
экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.
Экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттері
Экологиялық білім берудің мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа
деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам — қоғам — табиғат
арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру
жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Экологиялық білім беру — өте
күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәнгі
кажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-
бірте қалыптастыру көзделеді.
Өкінішке орай, қоғамдық санада табиғатқа байлық көзі немесе табыс
көзі ретінде қарау басым болып келді. Табиғатты ластау, орман-тоғайды
аяусыз кесу, фауна мен флораны пайда күнемдікпен пайдалану, браконьерлік,
т. б. жат көріністер жаппай орын алды.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін кейбір әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешу қажет.
Олар:
— экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру және оларды
бұлжытпай орындау;
— табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту;
— қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін
сәйкестендіру;
— үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету;
— елдегі экологиялық жағдайлар мәліметтерінің көпшілікке жетуін
қамтамасыз ету.
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері
Қазақ халқының салт-дәстүрінде табиғатпен тікелей араласуы өзінің
әлеуметтік-тарихи тыныс-тіршілігі болып қалыптасқан. Сондықтан да болар
табиғатты аялау, ан мен құсын қадірлеп, киелі санап, өзең-көлдерін
ластамаған. Оны біз білім мен мәдениетіміздің аталары А. Құнанбаев,
Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Бөкейханов, I. Жансүгіров, X.
Досмұхамбетов, С. Сейфуллин, А. Қасымов, т.б. еңбектерінен көреміз.
Кезінде ресейлік ғалымдар В. Н. Вернадский, И. Т. Суравегина,
Н.Д. Зверев, А. Н. Захлебный, т.б. өздерінің еңбектерінде адам баласының
табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүретіні және табиғатты қорғау
қажеттігі туралы қоғамдық, пікірдің ғылыми-теориялық негіздерін қалаған.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері оны жүзеге
асыру проблемалары мен бағдарламалары 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО үйлесімділік
халықаралық ұйым отырысында қарастырылды. Одан соң 1970 жылдары Стокгольм,
1972 жылы Тбилиси қаласында экологиялық білім туралы халықаралық ғылыми
конференциялар өткізілді. Ал, 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен
ғылыми конференция экологиялық білім беру проблемасын қайта қарап, оның
негізгі 3 бағытын айқындап берді:
а) биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экология бойынша оқу-ағарту
жұмыстарының жүйесін көру;
ә) экологиялық білім беруді жузеге асыру;
б) жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
Қазақстанда профессор Ә.С. Бейсенова жасаған Мектептерде оқушыларға
экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы (1991), Қазақстанда
эколог мамандарын дайындау тұжырымдамасы (1995), Қазақстан
Республикасында экологиялық біліммен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы
(1998) және Білім министрлігі бекіткен Экологиялық білім бағдарламасы
(1999), сол сияқты Алматы, Орал, Семей, Петропавл қалаларында өткізілген
Экологиялық білім беруді жақсарту жолдары тақырыбындағы ғылыми-
практикалық конференциялардың материалдары негізінде елімізде көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін
жасауда мол іс-тәжірибе жинақталды.
Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында мемлекет адамның
өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау
мақсатын көздейді делінген. 15.07.1997 ж. қабылданған Қазақстан
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының 73 және 74-баптарында
экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы
қарастырылған, сонымен бірге басшыларды аттестациялау кезінде олардың
кәсіби экологиялық әзірлігін ескеру керегі айтылған. Бұл ережелер мен
ұстанымдар Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында да көрініс тапқан.
Қазақстанда көпшілікке, жас өспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие
берудің құқылық негіздері соңғы жылдары жедел түрде жасала бастады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған
Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030
бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының экологиялық білім мен
тәрбие берудің ұлттық стратегиясы (1998), Экологиялық білім бағдарламасы
(1999), т.б. құжаттар осынын айғағы.
Жоғарыдағы Зандарды орындау барысында республикамыздын кейбір жоғары
оқу орындарында (Алматы, Өскемен, Атырау, Тараз, Қызылорда, Жезказған,
Орал, т.б.) экологиялық, факультеттер ашылып, мамандар дайындала бастады.
Республикамызда алғашкы эколог-педагогтерді даярлау Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің профессоры Ә.С. Бейсенованың экологиялық
бағдарламасы негізінде 1991 жылы басталды. Ал орта мектептерде (гимназия,
лицей, колледждерде) экологиялық білім беру бірден басталмады. Оның
көптеген себептері болды. Айталық, оқу жоспары, оқу бағдарламалары,
әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары мен оқулықтар болмады. Десе де,
көптеген мектептер, әсіресе орыс мектептері 1994 жылдан бастап оқу жүйесіне
экологиялық білім мен тәрбиені енгізуді қолға алды. Бұл бағытта Алматы
қаласындағы № 117, № 82, № 132,40, 28, 35 — орыс мектептерінде, кейіннен №
12, 139, 140, 159, 167, 81, 17, т.б. қазақ мектептерінде экология пән
ретінде немесе факультатив ретінде жүргізіле бастады. Сол сияқты Алматы
облысы бойынша 52, Семей облысында-12 мектепте түрлі бағыттағы экология
сабақтарының әр түрлі формалары жүргізіледі. Оларға арналған оқу
бағдарламалары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті география-
экология факультетіндегі экология оқу-әдістемелік зертханасында дайындалып,
тәжірибелік мектептерге ұсынылып отырды 1995-2000 жылдар аралығында аталған
университет студенттерінің педагогикалық практикасы кезінде ұсынылып
отырған бағдарламалар (6-9 сыныптар) бойынша сабақ өтіліп, эксперимент-
сынақтар ұдайы жалғастырылуда.
Көптеген көрнекті ғалым педагогтер ғылыми-зерттеу жұмыстарын
экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздеріне, экологияны оқыту
үдістерін жетілдіруге арнады. Атап айтқанда профессорлар — Ә.С. Бейсенова,
И. Н. Нұғыманов, Ж. Ж. Жатқанбаев, И. Д. Фурцов, А.Б. Биғалиев, А. Г.
Сармурзина, М. Н. Сарыбеков, Н. С. Сарыбеков, т.б. Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық
университетінде экологиялық ғылыми-зерттеулер жүргізетін зертханалар мен
институттар ашылып, диссертация қорғайтын ғылыми кеңестерде мамандар
даярлануда. Мәселен, профессорлар Ә.С. Бейсенова мен И.Н. Нұғымановтың
жетекшілігімен үздіксіз экологиялық білім беру бойынша С. Орынбеков, Д.
Джангельдина, А. Манкеш, Г. Сәбденалиева, А. Белый, т.б. кандидаттық
диссертациялар қорғады.
Жалпы және орта мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық білім
беруді жетілдіру бағытында республика бойынша Алматы, Семей, Орал,
Петропавл (1992—1995 ж. ж.) қалаларында ғылыми практикалық конференциялар
ұйымдастырылды.
Экологиялық білімге ынталандыру мақсатында Алматы мемлекеттік
университетінің география-экология факультеті, Кіші ғылым Академиясы,
аудандық, қалалық және облыстық білім беру басқармалары бірлесе отырып,
Экология және Табиғат қорғау бағытында оқушылар олимпиадаларын
ұйымдастыруда. Экологиялық білім мен тәрбие берудің сыныптан және мектептен
тыс формалары мен тәсілдерінің әдістемелік негіздерін қалауда біршама
тәжірибе жинақталды.
Экологиялық білім берудін негізгі жолдары мен ұстанымдары
Мақсатына қарай экологиялық білім беру 3 сатыда өтеді:
— Алғашқы саты: мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;
— Екінші саты: орта мектеп (гимназия, лицей) және колледж.
— Үшінші саты: жоғары оқу орындары.
Алғашқы саты мектепке деиінгі балабақша жүйесі және бастауыш мектепті
қамтиды. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз
үйінде, аулада, табиғаттын жекелеген (өзен, көл, тау, т.б.) көріністеріне
қамқорлық жасау сияқты салауатты өмір салтының негіздері қалыптасады. Бұл
сатыдағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары — экологиялық мазмұнға
құрылған танымдық негіздегі дамытушы ойындар.
Екінші саты жалпы және арнайы білім беретін орта мектептерде жүзеге
асады. Алғашқы сатыдағы экологиялық танымдар негізінде экологиялық білім
беріледі. Бұл кезенде компьютерлік модельдеуді қолдану тиімді болады. Жаңа
оқу пәндерін еңгізу қолданыстағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қайта
қарап, қысқартулар жасауды қажет етеді.
Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы
талаптарды қажет етеді. Олар:
1. Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және оқу әдістемелік
құралын жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (табиғат
мұражайлары, экскурсия, экологиялық соқпақ, т.б.)
2. Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі.
3. Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм ұстанымына негізделген
факультативтік сабақтар арқылы экологиялық білім беру.
4. Табиғат қорғау мәселелерімен экология бойынша мұғалімдердің білімін
жетілдіру және қайта даярлау шаралары.
5. Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және
оқытудың жаңартылған әдістерін кең түрде қолдану.
6. Мұғалімдердің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін
туғызу.
7. Ақпарат жинақтау орталығын көру керек (Мәліметтер банк-Internet).
8. Географтар, биологтар, тарихшылар, әдебиетші және математиктер, т.б.
барлық пәндердің мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар, оның
мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.
9. Мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.
Экологиялық білім берудің міндеттері:
— оқушы бойында экологилық білім жүйесін қалыптастыру;
— оқушылардың қоршаған ортаны қорғауга деген жоғары адамгершілік сезімі
мен жауапкершілігін тәрбиелеу;
— экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;
— нормативті-құқықтық құжаттарды білу.
Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін,
формаларын қолдана білу керек. Олар:
1. Семинар, конференция сабақтар, компьютерлік ойындар, әңгімелеу,
пікір-сайыс, КТК (КВН), викторина, т. б. оқыту түрлері.
2. Адам іс-әрекетінің табиғатка әсерін, оның болашақтағы зардаптары
туралы алдын-ала білуге және оны болжауға тәрбиелеуде табиғаттағы
өзгерістерге талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау және
болжау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының
элементтерін қолдану.
3. Экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау
әрекеттеріне үйрету.
4. Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық
іс-әрекет дағдыларын дамыту, туған өлкесінің Қызыл кітабың ұйымдастыру,
экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру,
табиғат ресурстарын жауапсыз пайдалануға жол бермеу, т. б.
5. Лекция, теледидар, радио, газет-журнал арқылы экологиялық насихат
жүргізу.
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары
— ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік,
жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік,
т.б.
Ғылымилық ұстанымы — негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер,
құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары
және экологиялық апат жағдайларының нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген
материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
Байланыстылық ұстанымы — негізінен, табиғаттағы тірі және өлі табиғат
пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз
байланыстың бар екенін ұғындыру.
Тепе-теңдік ұстанымы — табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы
тепе-теңдіктің сақталмауы және олардағы бір құрам бөліктің өзгеруі
табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғатынын түсіндіру.
Қызығушылық ұстанымы — оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу
табиғатына қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін, оның табиғи
байлықтарын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Үздіксіздік ұстанымы — оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік
кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу
деңгейлеріне үйлестіре отырып, үздіксіз дамыту. Жоғары сыныптарда
экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте
жеткізу.
Кіріктіру (интеграциялау) ұстанымы — экологиялық білім беруде
жаратылыстану пәндері (география, биология, химия, математика, физика,
т.б.) мен гуманитарлық пәндерін (әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б) кіріктіру
арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адам деңгейінен қоғамдық
денгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді
үнемі жүзеге асыру.
Көрнекілік ұстанымы — оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде
көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, коллекциялар,
бейнекөріністер, биоиндикаторларды пайдалану және табиғаттағы бақылаулар
(экологиялық соқпақтар) нәтижесін пайдалану.
Қабылдаушылық ұстанымы — негізінен, мұғалімнің экология ғылымының
мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық
терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін
ескере отырып, жатық әрі түсінікті тілмен жеткізу.
Өлкелік ұстанымдары — экологиялық білім беруде тұрмыстық салт-
дәстүрлерді, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру.
Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың
араласуын, туған өлкесіне патриоттық сана-сезімін ояту.
Жоғарыдағы ұстанымдар кешенді түрде бір-біріне байланысты әрі жүйелі
үйлесімділік жағдайда жүзеге асырылса өміршең болады.
Экологиялық білім беруді ұйымдастыру
Республикамызда білім беруді оптимизациялау үрдістері кең етек алуда.
Осыған орай, экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан
тиімді жолдарын іздестіру міндеті тұр. Сондықтан, экология пәнін 1-11
сыныптарға түгелдей енгізу мүмкін емес. Біз жинақтаған тәжірибелер
экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстар және пәндерді
экологиялаңдыру, факультативтік сабақтар, одан соң жеке пән түрінде
біртіндеп енгізу өміршең екендігін көрсетіп отыр. Пәндерді экологияландыру
республикамыздың 2000-2001 жылы жарық көріп жатқан жаңа буын байқау
оқулықтарында көрініс тапқан. Әсіресе, жаңа буын география, биология, химия
байқау оқулықтарының мазмұнында (әрбір тақырыпта) экологиялық мәселелер
берілді, онда еліміздің экологиясына арналған материалдар мол. Экологиялық
оқу бағдарламасын жасауда екі мәселені басшылыққа алуды жөн көрдік.
Бірінші — пәндерді экологияландыру нәтижесінде экологиялық
проблемаларды баяндауды кіріктіру, екінші — арнайы экологиялық білім беру
проблемаларын шешетін жеке экология пәнін қалыптастыру. Қазіргі кезде екі
бағытты да жүзеге асыру қиын болып отыр. Себебі, пәндерді
экологияландырудағы мұғалімнің экологиялық білімінің жетімсіздігі кедергі
болса, ал экологияны пән ретінде оқытуда — мамандардың жетіспеуі және оқу
құралдары мен оқу-бағдарламаларының жоқтығы қол байлау болып отыр.
Сондықтан, қазіргі кезде мұғалімдерден:
1. Экология ғылымының теориялық негіздерін оқып үйрену;
2. География, химия, биология, т.б. пәндердің негізінде экологиялық
проблемаларды әрбір тақырып бойынша кіріктіру;
3. Биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастылығы сипатында
және антропогендік әсерелердің әрекетімен байланыстыра отырып оқытуды
ғылыми-практикалық тұрғыда ұйымдастыру талап етіледі.
Республика мектептерінде эқологиялық білім берудегі қалыптасқан
жағдайларды ескере отырып, 2001—2005 жылдары аралығында 5-8 сыныптарда
экология пәнін аптасына бір сағат (барлығы 36 сағат), 9-сыныпта 2 сағат
(барлығы 68 сағат), ал 11-сыныпта 1 сағат (барлығы 36 сағат) көлемінде
енгізуді ұсынып отырмыз.
Авторлардың экологияны дербес пән ретінде оқытуды, негізінен, 9-сыныпқа
ұсынудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелігі, еліміздің өтпелі кезеңінде қаражат мәселесін ескере
отырып, оның тиімді жолы ретінде экологияны әзірше 9-сыныпқа енгізу қажет.
Оның үстіне 1-8 сыныптарда барлық дәстүрлі пәндер негізінде экология
ғылымының негіздері, заңдылықтары, алғашқы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz