Талғар қаласының әкімі лауазымына үміткерлер белгілі болды

0

Тізімде үш адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылып отыр.

Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынған.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппарат мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Бұған дейін Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгілеген болатын.

фото: matritca.kz