“ҚазМұнайгаз” басшысына қоңырау шалғаннан, Құдайғп қоңырау шалған жеңіл — депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бүгінгі отырыста «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке қоңырау шалып, бірақ сол күйі байланыса алмағанын айтты.
«Осында отырған «Қазмұнайгаз» АҚ басшысына телефон соғып, сөйлесу мүмкін емес. Менің ойымша, осы жерде отырған адамға телефон шалғаннан гөрі Құдайға хабарласқан жеңіл. Қазір Қазақстанда көзімізше осындай мәселе болып жатыр. Сонда «Жаңа Қазақстан» кім үшін? деген сұрақ туады», – деді ол.
Асхат Хасенов отырыста болса да, бұған қатысты пікір білдіре алмады.