«Жасырынып ішіп, шегесіңдер” — Бибігүл Дәулетбек Мұрат Әбілданы алқаш деген «әншісымақтарды» орнына қойды

0

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Мұрат Әбділданы қаралаған әншілерге үндеу жасады.

«Бізде қазақта бір жаман әдет бар. Егер ол бір қателік жасаса, оны адам ретінде ортаға қосқысы келмейді. Дамыған мемлекетте мүлдем басқаша. Сүріндің бе? Демейді. «Бұл Мұрат отырып шықты, алқаш. Оның орны — сахна емес» деген әншісымақтарға айтарым: Сендер де сахнаға фонограммамен шығып жүрсіңдер. Біз бірдеңе дедік пе? Жасырынып ішкендеріңді де, шеккендеріңді де көрдік. Халық өзі біледі кімді таңдайтынын. Олар шаршады екіжүзділіктен. Халыққа шынайылылық ұнап барады. Оған сендер енді ештеңе жасай алмайсыңдар!

Сондықтан да қазақтың бір баласын батпаққа итеретіндей сендерге Халық рұқсат бермеді!», — деп жазды ол.

фото: Caravan.kz