Алматылық жігіт автобус контролерін пышақтап кетті

0

Бұл оқиға 21 қараша Наурызбай ауданындағы соңғы автобус аялдамасында болған. Белгіленбеген жерде шылым шегіп тұрған 38 жастағы жігітке автобус контролері ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалған. Содан кейін жігіт автобус салонына жүгіріп кіріп, контролерді пышақпен екі рет ұрған.

Жедел жәрдем қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Аталған жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалғандықтан күдікті тез арада ұсталып, уақыша ұстау изоляторына қамалды.