Топ-5: Толықметражды үздік анимелер

0

Топ-5: Толықметражды үздік анимелер

Аниме десе көз алдыңызға не келеді? Жапон анимациялық студиялары үшін аниме жасау ең маңызды үрдістердің бірі. Әлем Миядзакиді таниды. Одан бөлек, толықметражды анимелері арқылы әлем халқыны мойындатқан қаншама режиссерлер бар. Егер олардың жұмысымен танысқыңыз келсе, төменгі тізімге назар аударыңыз.

«Сенің есімің»  (Твое имя)
Аниме
Аниме туралы мынаны есте сақтаған дұрыс: бұл жай ғана жанр емес, не анимацияның белгілі бір формасы ғана емес, бұл – әр түрлі бағыттағы ұлттық анимацияны бір бағытқа жинақталуы. Анименің түрлі жанры, формасы мен техникасы бар. Әр режиссер әр түрлі жеткізеді. “Сенің есімің” анимесі Синкай Макотоның ең үздік туындыларының бірі. Әлем бойынша кеңінен тараған сторителлинг форматы бойынша іске асады. Тарих пен сезімдерді байланыстырады. 

«Акира»
аниме
Кацухиро Отомо 1960 жылдарындағы Жапония жағдайын еске ала отырып, студенттік текетірестер мен жасөспірімдердің арасынан құрылған қарақшы мотоциклистер тобын сипаттайды. Көшедегі полицейлер мен пацифистер тобы арасындағы кекілжіңді де ерекше бейнелейді. Бұл анименің халыққа ұнағаны соншалықты кейін Батыс елдерінде анименің синонимі ретінлде аталатын.

«Порко Россо» 
аниме
Хаяо Миядзакидің 1920 жылдары гидроұшақтардың ұшқыштары мен ауа қарақшыларының арасында өмір сүрген  Адриатика туралы романтикалық анимесі басты кейіпкердің бейнесін доңыз ретінде көрсетеді. Негізгі идеологиясы фашистік әрекеттен доңыз болған әлдеқайда артық. Аниме Japan Airlines компаниясының арнайы тапсырысы бойынша іске асты.   

«Мыңжылдық актриса» (Актриса тысячелетия)
аниме
Деректі фильм түсірушілер тобы қартайған актрисамен студияда сұқбаттасады. Оның айтқан оқиғаларына берілгені сонша, анимеде фильмнің сюжеті мен актрисаның өмірлік оқиғалары байланыс табады. Фильм туралы фильм бағытын ұстанатындар үшін таптырмас сюжет. Фильм режиссері Сатоси Конның бұл тәсілі Кристофер Ноланның өзін таңқалдырып, өз фильмінде әдістерді қолдануға шабыттандырған.

«Жазғы шайқас» (Летние войны)  
анимеМатематиканы жетік меңгерген, ерекше қабілетке ие жасөспірім қыз өзінің сыныптасының үйіне, ауылға қыдырып қонаққа барады. Сол уақытта жасанды зияткерлік қабілетке ие техникалар әлемдік компьютер жүйесіне шабуыл жасайды. Ал, кішкентай қыз әлемді ауылдық аймақта отырып, телефон желісі арқылы құтқаруға тырысады


Дереккөз: https://massaget.kz/