«Ешкімге айтпадым»: Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті
Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті.
«Қыздар, бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкіммен бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым. Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақыт ішінде қазақ қыз-келіншектердің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді. Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын”, — деп жазды.