Қазақстанда Жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында демалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Жұма, 3 қаңтардағы жұмыс күні 5 қаңтарға ауыстырылды.

«Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5-6 қаңтар – жұмыс күні. Сейсенбі, 7 қаңтар – демалыс. Әрі қарай әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейміз. Бұл демалыс күндерін ауыстыру жұмыс уақытын тиімді бөлуге және демалыс үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз.