«Үйлерді аралап, саусақ іздерін алады»: Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

0

Желіде бір топ адам пәтерлерді аралап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметке Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өзін полиция қызметкерімін деген адамның жеке куәлігі барын тексеру керек. Егер ол құжатын ұсынса Ішкі істер министрлігінің белгісі бар жоғын анықтаңыз дейді.

«Пәтерлерді аралап, өзін ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстыратын бір топ адам барын ескеруіңізді сұраймыз. Олар Ішкі істер министрлігінің белгісі бар құжаттар мен бланкілерді ұстап жүреді. Сондай-ақ «халық санағы» қарсаңында барлық тұрғында жарамды жеке куәліктерінің бар-жоғын тексеріп, биометрикадан өту керегін алға тартады. Сымбатты әрі Ішкі істер министрлігінің формасын киіп алған», – делінген желіде тараған ақпаратта.

Сонымен қатар,  жазбада осындай әрекеттерге қатысы бар деген бірнеше ер адамның видеосы бар.