Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын құрбыларымен Катар елінде атап өтті (видео)
Отандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова жаңа жасын шетелде құрбыларымен бірге қарсы алды. Кино саласының маманы 50 жасын Катар елінде атап өтуді шешкен, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Гүлнұр Мамасарипова туған күнін шетелде атап өткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Кинопродюсер 50 жасын тойлау үшін ең жақын құрбыларының басын қосқан. Кино саласының маманы желіде видео жариялап, көпшілікке құрбылары өзін қалай құттықтағанын көрсетті. Бейнежазбада шар мен гүл ұстаған бірқатар келіншектің билеп, Мамасарипованың бөлмесіне келгенін байқауға болады.
«Шығып кетіп сапарға! Келіп қалдық Катарға… 50-дегі құрбылар, Мен қосылдым қатарға. Құрбыларыма рахмет. Есте қалатын саяхат-мерейтой сыйлаған», — деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.