Экс-мәжілісмен Артур Платонов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

0

Мәжілістің бұрынғы депутаты Артур Платонов Президент Әкімшілігінде қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Былтырғы жылдың қазан айында Платонов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына бекітілді.

2001 жылдан бастап және 10 жыл бойы Платонов КТК телеарнасында «Апта портреті» бағдарламасын жүргізді. 2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты, ал 2019-2022 жылдары партияның Саяси кеңесінің мүшесі болды.