«Мама, тоқташы!»: Астанада анасы баласын көлікке мінгізбей, кетіп қалған (ВИДЕО)

0

Баланың жанұшыра жүгірген видеосына халық әртүрлі пікір жазып жатыр

Астанадағы бір мектептің жанында оқушы баласын алып кетуге келген әйел оның көлікке мінген-мінбегенін байқамай, өзі жүріп кеткен. Ал, анасынан қалып қалған ұл бала жанұшыра көліктің артынан қуа жөнелген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиғаны қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алып, балаға көмектеспек болған.

«Кел, тоқта. Анаң қазір тоқтайды, жүгірме!», — дейді видео авторы баланы ұстап алмақ болып.

Алайда, анасының көлігіне мінбей қалған ұл жылап, оның артынан қуа берген.

Видео авторының айтуынша, ол бірден полицияға қоңырау шалып, көліктің нөмірі мен маркасын айтқан. Баланың анасы келесі бағдаршамда тоқтап, ұлын мінгізіп алған.

Желі қолданушыларының пікірінше, анасы ұялы телефонға «кіріп» кеткен соң баласының көлікке мінген-мінбегенін байқамай, жүріп кеткен.