Павлодарда 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған

0

Бұл жайтты бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева растады.

Павлодар облысының тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл фактіні оқушы қыздың сынып жетекшісі жария еткен.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жайтты бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева растады.

Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі анықталды. Күдікті ретінде өгей әкесі ұсталды. Қазір қыз ауруханаға жатқызылды. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр, — деп мәлімдеді Сәуле Шәкенева.