Астанада төрт бала қаза тапқан өрт: ТЖД-да қылмыстық іс қозғалды
Астана ТЖД-да төрт бала қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады», — делінген хабарламада.
Бүгін таңертең Астанадағы жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты. Екі қабатты жеке үйдің төбесі өртеніп, жартылай құлады. Қайтыс болған балалар он үш, тоғыз, үш және екі жаста болған.
фото: stylus-ch.kz