«Өзін өзі ұсынғанымен, ештеңе істемеді»: Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайратқа қатысты мәлімдеме жасады

0

Қайырымдылыққа жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген Перизат Қайрат –  пара үстел теннисі федерациясының президенті. Даудан кейін федерация да Перизатқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қазақстан Пара үстел теннисі федерациясы 14 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында Перизат Қайраттың ұсталып, тергелуіне байланысты федерация президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Перизат Қайрат федерация мүшелерінің хаттамалық отырысында президент қызметіне тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол ұйымға ешқандай қатысы болмағанымен, пара үстел теннисін одан әрі дамыту және федерацияға қаржылай көмек көрсету мақсатында өз кандидатурасын ұсынған. Оның президенттік қызметі бір айдан сәл астам уақытқа созылды, бірақ осы уақыт ішінде оның басшылығымен бірде-бір кездесу немесе маңызды бастама болған жоқ”, – деп мәлімдеді пара үстем федерациясы.

Федерация ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына сай жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр.