Алматыда мешіт пен компьютерлік клубта ұрлық жасаған ер адам ұсталды

0

Күдікті қамауға алынды

Алматыда мешіт пен компьютерлік клубта ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Ол алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz

ПД мәліметінше, күдіктінің мешіттегі ұрлығы видеоға түсіп қалған.

«Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның ұялы телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің ұялы телефонын ұрлап, ізін суытқан. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды», — деді Медеу аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.