“Ештен кеш жақсы”: Алматыдағы М. Әуезов көшесінде әйтеуір жарық пайда болды
Жаңа адамдар ұйымдастырған ауқымды «Соқыр трио! Жарық бер!» акциясының арқасында төрт жылдан кейін М. Әуезов көшесі, 126А мекенжайындағы аулада жарық қалпына келтірілді.
Қыркүйек айында жүзден астам белсенділер мен аула тұрғындары мәселеге қалалық биліктің назарын аударту үшін бірлескен бейнеүндеу жазды. Бейнежазба жарияланымынан екі күн өткен соң жауапты қызметтер шамдарды орнатты. Алайда, тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады — көп ұзамай жарық қайтадан сөнді. Тұрғындар мәселені түсіндіруін талап етіп, қалалық қызметтерге жаппай қоңырау шалды. Бір аптадан соң жарық қайта қосылып, содан бері барлығы үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс істеп тұр.
«Город» азаматтық науқаны Алматы тұрғындарын әлеуметтік желілерде #ЛайтменКерек хэштегімен сурет және бейнежазба жариялап, ұқсас мәселелер туралы ақпаратпен бөлісуге шақырады. Біз бірігіп, Алматыдағы жарықтандырылмаған көшелер мәселесін шеше аламыз.