Болашақ бағдарламасы жабыла ма?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасын жабуға қатысты пікір білдірді.
Саясат Нұрбек бағдарлама өзектілігін жоғалтпағанын жеткізді.
«Болашақпен» өте көп маман оқыды. Қазір олар өз қызметтерін атқарып жатыр. Оның ішінде хирургтер, инженерлер, ұстаздар бар. Өкінішке қарай, (олардың жұмысы – автор) көрінбейді. Қазір біз «Халықаралық бағдарламалар орталығына» тағы тапсырма береміз. Сол қарапайым қызметкерлерді шығарып, (жұмысын – автор) көрсету керек. Менің жеке пікірім, бізге («Болашақ» бағдарламасы) әлі керек. Қазір президент тапсырмалары бар. Жаңа стратегиясы пысықталып жатыр, – деді министр.