“Халық қалаулылары осындай боп жүрсе, қалай шок болмайсың” — Алтынай Жорабаева ашуға булықты

0

Танымал эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева өзіне қатысты қауесет таратып жүрген жандарға үндеу жасады.

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, «Сен кереметсің, жаным, күнім» деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. «Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз» деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері «Ғайбат айтпаңыздар» деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын. Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», – деді өнер иесі.

фото: astana-filarmonia.kz