«Енді 80 млн теңге керек»: Төреғали Төреәлінің қарындасы халықтан ақша жинауда

0

Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі халықтан «тағы 6-7 отаға керек» деп емге ақша жинады.

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, танымал блогер Фариза Төреәлі халықтан көмек сұрап, емге ақша жинап жатыр. Желі жұлдызы оқырмандарына отбасылы азаматтың ауырып жатқанын айтты.

“Қазір Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға Алла сезім салды. 3 баланың әкесі қазір аяғының емімен арпалысып жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяқ 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет», – деп жазды блогер ару.

Сондай-ақ Төреғали Төреәлінің қарындасы 5 минутта 1 млн теңге жиналғанын көрсетті.

“Белсенді болып жатқан әрбір жанға мың алғыс! 1-2 мың аударсаңыз да үлкен көмек болғалы тұр. 6 сағатта 16 млн теңге жиналды. 24 сағатта қанша теңге жиналатынын күтейік. Сосын мұқтаж жанға аударамыз», – деп есеп берді Фариза.