Тайландтағы мейрамхана иесі қателесіп үш миллион теңге төлеген қазақстандықты іздеуде
Қазақстандық турист шетелдегі мейрамханалардың біріне 3 миллион теңге төлеп кеткен.
Болған жағдаймен блогер Тимур Асылханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, қазақстандық турист Таиландтағы бір мейрамханада түскі ас ішкен соң шотты 3 миллион теңгеге төлеген. Жергілікті мейрамхана иесі тұтынушыны әлеуметтік желі арқылы іздеп жатыр.