Бейнежазбадағы адам табылды, кәдімгі қазақтың қызы — Сабина Мовлаева

0

Қазақстандық блогер Сабина Мовлаева белгісіз қыздың интимді видеосын таратқан блогерлерді жазалағанын қалайтынын айтты.

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты. Блогердің айтуынша, ол заңгерді жалдап, интимді видеоны таратып, жала жапқан Ақтаулық блогерлерді жазалағанын қалайды.

Менің мақсатым — Ақтаудағы блогер қыздарды жазаласа екен деймін. Себебі, ертең мені жауып тастайды ғой, ол мәселе басылады ғой, тағы басқа адамдардікін бастайды. Басқа қыз бәлкім суицид жасайтын шығар. Оларға бәрібір, олар ақша жасап отыр. Парфюм сатып отыр, «Нэнси» деген қыз. Ұялмайды! Менікін салып қояды да, оқырмандар келгенде «Парфюм аламыз» дейді. Біреудің репутациясы, біреу қиналып жатыр деген ой жоқ. Ақша тапса болды, деді Сабина Мовлаева.

Сондай-ақ, Сабина бейнежазбаға түсіп қалған қызды тапқанын айтты. Ол қыз қазақтың қарапайым қызы екен.

Айтпақшы, оны айтуға бола ма, жоқ па, білмеймін, бірақ вдеодағы қыз табылды. Кәдімгі қазақтың қызы, анау жігіт таратып жіберген. Анау бала өзі түсірген. Қазақтың қызы, ол кісі ол бейнежазба олай тарап кететінін білген жоқ. Суреттерін қарап, біз алдынала сақтап қойғанбыз. Бәрі сәйкіс келді, пирсингі бар, меңі бар. Құлақ адамда әркімде әртүрлі екен ғой, содан білуге болады, сараптама соның арқасында тауып отыр, Құдайға шүкір!, деді блогер.