”Оның театралды қойылымы не үшін керек?”: Алуа Қонарова прокурор Айжан Аймағанованы қатаң сынға алды

0

Продюсер Алуа Қонарова аналар форумында сөз сөйлеген мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова қатаң сынға алды.

Прокурор жастарға өз ақылын айтқан еді.

”Кез келген ана ретінде мені балаларымның болашағы алаңдатады. Олар еркіндікте, олардың қауіпсіздігі қорғалатын қоғамда өскенін қалаймын. Бұл туралы мемлекет басшысы да көп айтады”, — деді Аймағанова.

Продюсер Алуа Қанароваға мемлекеттік айыптаушының сөз сөйлегені ұнамады.

”Оның қағаздан оқыған театралды қойылымы не үшін қажет?”, — деп жазды ол.