«Эскорт қызметін көрсетеді»: Сабина Мовлаева атышулы видеодағы қыздың кім екенін анықтады

0

Танымал блогер Сабина Мовлаева атышулы видеоға қатысты ойын бөлісіп, өзіне ұқсайтын қызы тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы Аман Тасығанға сұхбат беріп, бейтаныс арудың жеке мәліметтерін білгенін айтты. 

“Ол да қазақтың қызы. Есімі – Бота. Эскорт қызмет көрсетеді екен. Екеуміздің меңімізге дейін ұқсайды. Бірақ экспертиза құлағымыздың формасы ұқсамайтынын растады. Жігіті таратып жіберген-ау деп ойлаймын. Өйткені порнофильм болса ол өте сапалы түсірілер еді. Ол жерде кәдімгі қарапайым ұялы телефонмен түсірген. Ол қыз да осындай шуға айналып кететінін білген жоқ. Жігітінің сөзіне алданып қалған болуы мүмкін. Халық “Сабинаға ұқсайды екен” деп таратып жіберді. Бірақ мен қызбен жолықпадым. Жолыққым да келмейтін сияқты. Бәрін заң жүзінде шешкім келеді. Ең қиыны – видеоны түсірген адамды табу. Түпнұсқа сол кісінің ғана қолында. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр”, – деді блогер.

Сонымен қатар желі жұлдызы қызының әкесімен ажырасқалы жүрегінің бос екенін жасырмады.

“Төрт ай бір жігіт артымнан қалмады. Маған көңіл бөліп, қолдау білдірді. Бір күні “Бүгін қонақ үйге барамыз, сенің қасыңда төрт ай жүрдім. Ересек адамдар емеспіз бе?!” деді. Содан кейін мүлдем еркектерге сенбей қалдым. Төрт айдан бері оның ойындағы дүниені бермей жүрсем, ол дұрыс емес екен. Қазір еркектер жазса, қорқып тұрамын. Олардың ойлары маған қорқынышты болып қалды. “Қызыңмен қабылдаймын, маған жар бол” деген батыл жігіттер жоқ”, – деді желі жұлдызы.

Еске салайық, блогер буллиңке ұшырап, «Сағатың қанша?!» деп сұрайтындар барын айтқан еді.