«Жылап келгенде әкем кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сырды ақтарды

0

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияны бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі екі некесінің сәтсіз болуы өміріндегі ең қиын кезең екенін жасырмады. Din Dina Show бағдарламасында сөз қозғап, қиын күндерін есіне алды.

“Әйел адам болғандықтан, ең ауыр өмірлік сабағым отбасылық өмірде болды. Қыздарға «бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер» деп айтқым келеді. Ең бірінші өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек. Елдің пікірін, қыспағын елемеу керек. Мен отызға келіп тұрмысқа шыққаннан кейін менде қысым көп болды. Бәрі «қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрайтын. «Қашан, қашан, қашан» деген сұрақтан құтылу үшін тұрмысқа шығып кеттім», – деп жан сырын ақтарды әнші.

Сондай-ақ отбасын сақтау үшін түрлі қадамға барғанын да жасырмады.

“Ажырасу, балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай емес. Маған де қиынға соқты. Бір күні баламның әкесімен ренжісіп қалып, үйге келдім. Тынышталатын шығар деп күттім. Әкемнің үйінде де жанжал жалғасты. Содан мен үйдегілерге “Осында қаламын, күйеуіме бармаймын” дедім. Әкем үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Ата-анамның шешімі дұрыс болар деп, отбасымды сақтау үшін шыдадым. Бірақ жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болушы еді. Олар “Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман” деп мені кінәлады. Бірақ соңында бәрібір ата-анамның үйіне қайтып бардым”, – деді эстрада жұлдызы.

Еске салайық, Мөлдір Әуелбековаға оқырмандары үшінші рет тұрмыс құрмауға кеңес берді.