“Шерзаттың отбасы өздерінде қайғы болса да, өзгелерді әуреге салды” — Хасан Қасымбаевтың жұбайы
Хасан Қасымбаевтың жары Зүлфия Қасымбаева «Barys Media» Youtube арнасына сұхбатында Шерзат Болаттың отбасын сотқа беруі жайлы күйеуі бостандыққа шыққан кезде «өзі шешетінін» айтты.
«Күйеуім үйге келген кезде, сол кезде өзі шешеді. Өздерінде қайғы бола тұрса, өзге отбасыны әуре-сарсаңға салып қойды. Өзімізбен өзіміз тыныш өмір сүріп жатқан отбасы едік. Маған, балаларыма, бүкіл туғандарымызға үлкен қысым жасалып жатыр. Мен оларды түсінемін, олар балаларынан айырылды. Оларда үлкен қайғы болып жатыр. Мен оларға көңіл айтамын. Бірақ бұлай болмайды. Ұлымды осы өлтірді деп әлемге жар салу дұрыс емес. Күйеумінің ешкіммен де соттасатын ойы жоқ. Әлі де солай», — деді Зүлфия Қасымбаева.
фото: kursiv.kz