«Мойындаймын, Хасан – менің туысым!»: бұрын зәбір көрген ер адам Хасанның биліктегі туыстарын тізіп берді (ВИДЕО)
«Хутор бандасының басшысы» деп танылған Хасанның туыстары арасында – Әділет генерал-майоры да, Сенат депутаты да, тіпті әкім де бар дейді Талғар тұрғыны.
Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, Хасан Қасымбаевты қолдап жүрген билік басындағы туыстары туралы ақпаратты ер адам жіпке тізгендей қып айтып берген. Тіпті ақпарат желіде ескен соң Парламент Сенатының депутатының өзі де Хасанмен туыс екенін мойындады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам «Хутор бандасы» туралы әңгімелеп, Хасан Қасымбаевтың жоғарыдағы қорғаушы туыстары туралы шындықты әшкерелеген. Сөзінше, оның өзі де бұрын дәл осы қылмыстық топтан жәбір көрген. Әділдік сұрап, прокуратураға да арыз жазған. Бірақ еш нәтиже болмаған.
Алматы облысынан сайланған, Парламент Сенатының депутаты Жүргембаев Жанболат пен бауыры Жүргембаев Мұхтар — — сол Хасанның туысы. Мұхтар — заңгер, Әділет генерал-майоры. Қазір біздің ауыл әкімі де соның туысы. Досымбаев Нұрбол деген адам (Талғар ауданы, Белбұлақ ауылының әкімі — ред.). Бұлардың түбі сол Астанада, билікте отыр. Бұлардың барлығы да осы қылмысты ұйымдасып жасайды. Қолында билігі барлар осы Хасанды қорғап отыр. Хасанды тек қазір ғана қамап жатыр ғой. Олар кезінде менің де ізіме түсіп, өлтіреміз деп қорқытқан, — деді тұрғын.