«Басқа әйелді сүйгенде тұрған ештеңе жоқ»: Дильназ Ахмадиева күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева жеке өміріне қатысты сұраққа нүкте қойды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі туралы Revue News бағдарламасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне неге дәл бұрынғы жолдасын таңдағанын түсіндірді.
“Көрермен соны дұрыс түсінбей, бізді қайта қосылды деп ойлап қалды. Кейін қайтадан айырылысып кетті деп ойлады. Бірақ шын мәнінде ондай ештеңе болған жоқ. Мен бар болғаны бұрынғы жолдасымды бейнебаяныма актер ретінде шақырдым. Ол басқа әйелді сүйіп жатқанында тұрған ештеңе жоқ. Біріншіден, ол – бұрынғы күйеуім, екіншіден ол – актер. Оған бәріне рұқсат болып тұр. Қызғанған жоқпын. Мен керісінше оларға дұрыс сүйісуді үйреттім», –деді әнші.
Айта кетейік, өнер иесі жақында сүйіктісімен шетелге барып, демалып келген еді.
“Қыз-келіншектерге айтарым, өміріңіз ұнамаса, өзіңіз өзгеріңіз. Алғашқы қадамды жасаңыз. Көп ұзамай нәтижесін көресіз. Соңғы уақытта өзіңмен жұмыс істеуді көп айтатын болдым. Өйткені нәтижесін көрдім. Қатты күйзеліп, жан-дүнием қиналғанда медитация жасадым. Ол менің бұрын соңды байқамаған қабілеттерімді ашты”, – деп жазған еді өнер иесі.