Блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды
Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жығатынын айтқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.
“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақмола облысында ер адам ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдіріп кеткен еді.