Қарағандыда құрылыстағы кран өртенді
Қарағанды қаласында мұнара кранының жалыны сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы отқа оранды.
Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында жалын жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
ТЖМ кәсіпкерлерді от қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.