“Жігіттерді әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын” — депутат

0

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханның Youtube арнасына берген сұхбатта қазіргі әскерге байланысты өз ойын жеткізді. Депутат 18 жасқа толған жігіттерді әскерге күштеп алып кетуді қолдайтынын айтты.

«Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын, неге қолдамауым керек? Конституцияда әскерге бару әрбір 18 жасқа толған азаматтың міндеті екені жазылған, құқығы емес, міндеті. Менің осы сөзімнен кейін бәрі шулады, «оңбаған», «өзінің баласына осыны тілер ме еді?» деген көптеген пікір жазылыпты», — деді депутат.