Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

0

Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеп шықты.

Сондай-ақ, Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. ТЖМ желісі бойынша қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындарынан «112» желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті.

Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды: 8 (7277) 22-60-97.

Айта кетейік, бүгін саған 10:00-де Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. 

Осыған дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Шоқбаровтың «елде қазір салынып жатқан көпқабатты үйдің бәрі қауіпсіз» деген пікірін берген едік.